Бас жаңалықтар
Арыста 2 мың тоннадан астам жарылғыш заттың бөлшегі жиналды
24 Маусым 2020, 12:40 136

Арыста 2 мың тоннадан астам жарылғыш заттың бөлшегі жиналды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Арыс қаласында қоймада болған оқ-дәрі жарылысынан бері бір жыл өтті. Қазір ондағы жағдай бақылауда. 

Сонымен қатар, инфрақұрылым 90 пайызға қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ басқармасының бастығы Асылбек Сатвалдинов онлайн брифинг барысында айтты.
Бір жылдан бері Арыстағы жағдайды қалпына келтіру отряды жұмыс істеп жатыр. Әр ай сайын  әскери саперлер мен басқа да әскери қызметшілер ратацияға сәйкес қызмет етуде. Іздеу тобы, инженерлі барлау топтары мен минадан тазарту топтары 300 шақырым шаршы аумақты тазартты. Оның ішінде егін егу алқабы мен жақын маңдағы ауыл аймақтары бар. Мобильді сапер топтарына жергілікті халықтан келіп түскен 700-ден астам өтінішті қараған. Соның арқасында 4 мыңнан астам жарылғыш зат залалсыздандырылды, - деді ол. 
Сонымен қатар, ол жарылыс болған жер 500 гектар аумақты құрайтынын айтты. 
Ол маңдар тазаланып, жалпы 130 гектар аумақ қамтылды, бұл ол жердің 30 пайызын құрайды. Әуеден барлау үшін және қойма аумағын тексеру үшін дрондар мен квадракоптер қолданылды. Саперлер 2 мың тоннадан астам жарылғыш заттардың бөлшегін жинады. Жарылмайтын заттар ашық алаңда сұрыпталуда, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...