#АрысБізБіргеміз. Жамбылдықтар төрт медициналық көлік жіберді

25 Маусым 2019, 20:45
1348
Бөлісу:
#АрысБізБіргеміз. Жамбылдықтар төрт медициналық көлік жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде бір күндік айлық жалақысын аударды, деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, әкімнің орынбасарлары мен депортамент, басқарма басшылары да айлық жалақыларын арыстықтарға аударды. Сонымен қатар, дүмпуден дүрліккен арыстықтар Таразға келіп паналауда. Жарылыстан бас сауғалап келген жұртпен облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы кездесіп көпті сабырға шақырды. Орталық мешітте жайғасқан елге арнайы жатақхана қарастырылады. Жамбылға жеткен 21 отбасының барлығы да жағдай бір жақты болғанша тұрақтайтын болады. Қазір көршілес ағайынға қажет ас-су, медициналық көмек бәрі де тегін көрсетілуде. 

#АрысБізБіргеміз. Жамбылдықтар төрт медициналық көлік жіберді

"Егер, сіздерден өзге таныстарыңыздан, көршілеріңізден Таразға келеміз деушілер болса хабарласып айтыңыздар. Келсін. Жағдай қанша тұрақталғанша көмектесуге дайынбыз", - деді Жамбыл облысының әкімі. 

Айта кетейік, бүгін жамбылдықтар Шымкентке толық дәрі-дәрмекпен қамтылған төрт медициналық көлік пен қосымша төрт көмек бригадасын жөнелткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы