Арыс қаласында 100 отбасы баспаналы болды

13 Қараша 2019, 22:55
1592
Бөлісу:
Арыс қаласында 100 отбасы баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласында қайырымдылық қордың есебінен бой көтерген "Баламекен" шағын ауданынан 100 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов және Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов пен "Верный Капитал" компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов жаңа қоныс иелеріне кілттерін табыс етті.

Қолданысқа берілген екі отбасына лайықталған "дуплекс" типті 50 үй толық аяқталған, әрі ас үй жиһазы мен тұрмыстық техникамен жабдықталған. Әр үйдің ауласында 10 соттық жер телімі бар. Қалалық инфрақұрылымға қосылған жаңа шағын ауданда тас жол төселіп, аяқ жолдар салынған. Балалардың ойын алаңы орнатылып, ағаштар отырғызылған.

Апаттан кейін бүкіл қазақ елі Арыс халқының қайғы-мұңын бөлісіп, қол ұшын созды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп, халықпен бірге екенін көрсетсе, ҚР Премьер-министрі екі апта сайын келіп, Арыстағы құрылыс жұмыстарын бақылауды назардан тыс қалдырмады. Атқарылған ауқымды жұмыстар ел еңсесін көтеріп, ертеңгі күнге деген сенімдерін арттырдыАрыста атқарылған ауқымды жұмыстар ел еңсесін көтеріп, ертеңгі күнге деген сенімдерін арттырды, – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Қайыртайұлы өз сөзінде.

Дендробақ жанында орналасқан жаңа шағын ауданның құрылысына қайырымдылық қоры 850 млн. теңге бөлген. Жаңа баспаналар Арыстағы әскери қоймада жарылған оқ-дәрілердің дүлей дүмпуінен бұзылған үй иелеріне, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, тұрғын үйге мұқтаж мүгедек жандар мен жалғыз басты аналарға берілді.

Бүкіл Қазақстан Арыста орын алған оқиғаға күйзелді, еліміздің көптеген ұйымдары мен азаматтары қалаға және оның тұрғындарына қолдау көрсетті. Біз де қаланы қалпына келтіруге өз үлесімізді қосуды ұйғардық. Сондықтан біздің Қорымыздың құрылтайшысы баспанаға мұқтаж қазақстандықтар үшін үйлер тұрғызуға бағытталған "Баламекен" жобасын кеңейтуге және жалғастыруға шешім қабылдады, – деп атап өтті Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Жаңа үй иелерінің қуанышымен бөліскен облыс әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов бірнеше үйді аралап шығып, жаңа қоныс иелерін құттықтады. Бұл жоба Түркістан облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов Қорымен серіктестікте "Верный Капитал" компаниялар тобының табысты ынтымақтастығының нәтижесінде жүзеге асып отыр.


Өзгелердің жаңалығы