Бас жаңалықтар
«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында іздестіріліп жатқан машинист қаза тапты
14 Қаңтар 2021, 15:52 118

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында іздестіріліп жатқан машинист қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше кешкі сағат 21.53-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Ленин атындағы» шахтасында барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде метан газы мен көмірдің ұсақ фракциялары бөлінгені туралы хабарланған еді.

Осыған орай  «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының ұжымы оқиға салдарынан Ленин атындағы шахтада қаза тапқан бұрғылау қондырғысының машинисі Николай Шадировтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтты. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Компания қаза тапқан адамның отбасына Қазақстан Республикасының заңнамасына және ұжымдық шартқа толық сәйкес барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететіні жазылған.

Николай Шадиров - бұрғылау қондырғысының 5-ші разрядты жерасты машинисі, компанияның көмір департаментінің «Спецшахтомонтаждегазация» басқармасында 16 жыл, оның ішінде 15-ін бұрғылау қондырғысының машинисі болып жұмыс істеген.

Айта кетейік, 13 қаңтарда кешке Ленин шахтасында бұрғылау жұмыстары кезінде газ бен көмір фракциясы бөлінген еді. Оқиға кезінде шахтада 3-ші ауысымның 137 қызметкері болған. Бұрғылау қондырғысының машинисінен басқа барлық кеншілер шахтаның бетіне шығарылды. Болған оқиғаны тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...