Армия балуандары Қазақстан чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

28 Қараша 2020, 20:32
2116
Бөлісу:
Армия балуандары Қазақстан чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды. Біріншілікте Орталық спорт клубының спортшылары түрлі дәрежедегі алты медаль жеңіп алды.

Он салмақ дәрежесіндегі командалар құрамына әскер балуандарымен қатар Азия мен Қазақстанның танымал спортшылары, халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша спорт ротасының мерзімді қызметтегі әскери қызметші Айдос Сұлтанғали (60 кг), нұсқаушы спортшылар Сұлтан Әсетұлы (63 кг) және Демеу Жадраев (77 кг) чемпион атанды. Күміс медальді лейтенант Асхат Ділмұхамедов (77 кг) жеңіп алды. Қола жүлде Данияр Қаленовке (67 кг) және Мақсат Ережеповке (82 кг) бұйырды.

Армия балуандары Қазақстан чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Чемпионатта әскерилер жақсы физикалық дайындықтарын көрсетті. Бұл жарыстар біз үшін өте маңызды. Олардың нәтижелері бойынша 2021 жылы Токиода өтетін Олимпиадада Қазақстанның атынан шығатындар іріктелетін болады. Сондай-ақ, турнир жеңімпаздары келесі жылдың ақпан айында Алматыда өтетін Азия чемпионатында өздерін көрсетуге мүмкіндік алады, - деді орталық спорт клубының грек-рим күресінен команда аға жаттықтырушысы Нұрым Дүйсенов.

Өзгелердің жаңалығы