Армениядан жеткізілген автокөліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды - ІІМ

1 Наурыз 2021, 11:11
4344
Бөлісу:
Армениядан жеткізілген автокөліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды - ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингі барысында айтты. 

Армениядан Қазақстанға жеткізілген автокөліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды. Үкімет бұл туралы шешімді 27 ақпанда қабылдаған. 

Серік Түсіпов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ІІМ Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін жеткізілген көліктерді тіркеуді жүзеге асырғанын айтты. 

Қазіргі таңда 20 мыңнан астам автокөлік тіркелді. Алайда мыңнан астам жүргізуші өз автокөліктерін шығара алмай немесе кіргізе алмайтын жағдайлар кездесіп отыр. Атап айтсақ, Арменияға көліктерді шығаруды бөгеген күрделі эпидемиологиялық жағдай болды, - деді ол. 

Түсіпов айтқандай, кейбір автомобильдер қаржылық пирамидаларға қатысты кепілдікте тұрғандықтан шекарадан шығара алмады. 

Осы жағдайларды ескере отырып, Үкімет осындай автокөліктерді тіркеуді 2022 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты. Олар осы уақытқа дейін көлігін тіркей алады, - деді Түсіпов.
Осылайша, Армения Республикасында тіркелген және біздің елге 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген көлік құралдарының иелері – Қазақстан азаматтарына өз автомобильдерін есепке қою мәселелерін шешу үшін қосымша уақыт берілді. 
Өзгелердің жаңалығы