Әрбір тұрғынның сапалы медициналық қызмет алуына жағдай жасаймыз – Махамбет Досмұхамбетов

3 Қараша 2021, 23:00
1917
Бөлісу:
Әрбір тұрғынның сапалы медициналық қызмет алуына жағдай жасаймыз – Махамбет Досмұхамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыстық балалар ауруханасында болды. Шетел хирургтері күрделі ота жасаған балалардың жағдайымен танысты. 

Бұл туралы өңір әкімі өзінің facebook-парақшасында жазды. 
Әрбір тұрғынның сапалы медициналық қызмет алуына жағдай жасаймыз – Махамбет Досмұхамбетов
Израиль Республикасының халықаралық деңгейдегі медициналық мамандарын атыраулық әріптестерімен тәжірибе алмасуға шақыртқан едік. Бірнеше күнде туа біткен ақаулары бар алты балаға күрделі оталар жасалған. Балақайлардың жағдайлары қалыпты, аналары да қуануда, - дейді облыс әкімі.
Досмұхамбетов Израиль хирургтері атыраулық мамандардың біліктілігіне жақсы баға бергенін айтты.
Әрбір тұрғынның сапалы медициналық қызмет алуына жағдай жасаймыз – Махамбет Досмұхамбетов
Шетелдік білікті мамандар ота жасаумен қатар, оны үйретеді. Оған қоса, ата-аналарға тегін кеңестер беріп, 200-ден астам медицина қызметкерін оқытады.

Бұған дейін де Израильден тәжірибе алмасуға екі медициналық маман келген болатын. Олар облыс бойынша 30 акушер-гинеколог пен 30 анестезиолог-реаниматолог маманға шеберлік сағатын өткізді. Сонымен қатар жергілікті дәрігерлермен бірлесе отырып 5 жоғары технологиялық ота жасады. Біздің мамандардың осындай тәжірибе алмасу арқылы дамуын тұрақты түрде қолдаймыз.

Өңіріміздің әрбір тұрғынының сапалы медициналық қызмет алуы үшін жағдай жасау — біздің басты ұстанымдарымыздың бірі. Сондықтан салаға білікті мамандарды тарту, бар мамандардың біліктілігін заманға сай арттыру жұмыстарын күшейте береміз, - деді Атырау облысының басшысы.
Әкімнің жазуынша, алдағы уақытта аймақтың медицина саласын дамытуға қатысты кешенді жоспар әзірленіп, халықаралық деңгейдегі тәжірибелі дәрігерлермен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы