Қарағандыда "Есте сақтаймыз" көрме-байқауы ашылды

23 Маусым 2020, 20:12
1288
Бөлісу:
Қарағандыда "Есте сақтаймыз" көрме-байқауы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Жеңістің 75 жылдығына арналған "Есте сақтаймыз" көрме-байқауы ашылды. Бұл мұражай мен облыстың қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бірлескен әлеуметтік шарасы, деп хабарлады әкімдік сайты.

Бұл жыл сайынғы, дәстүрлі көрме-байқау. Шара аяқталғаннан кейін көркем жұмыстар интернаттарға, балалар үйлері мен хоспистерге сыйға беріледі, олардың кейбіреулері музей қорына өтеді. Биыл байқауға 55 сотталған азамат қатысты. Еңбектер түрлі техникаларда ұсынылған - құрастыру, графика, кескіндеме, ескерткіштер мен мүсіндер макеттері. Олардың кейбіреулері кәсіби жасалған, - дейді мұражайдың ғылыми қызметкері Назерке Жартын.

Қазылар алқасының құрамына Қарағанды Суретшілер одағының өкілдері, қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері, мұражайдың бас сақтаушысы кірді.

Кез келген адам қылмыссыз әлемде өмір сүруді қалайды. Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері бұл тілектердің орындалуы үшін барлығын жасауда. Шығармашылық жұмыс сотталғандардың қоршаған ортаға деген өзге қарым-қатынасын дамытып, шабыт береді, - деп атап өтті Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде.



Өзгелердің жаңалығы