Қарағанды облысында жас дәрігерлерді тарту үшін ерекше әдіс қолданылуда

15 Шілде 2019, 16:43
1298
Бөлісу:
Қарағанды облысында жас дәрігерлерді тарту үшін ерекше әдіс қолданылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жас дәрігерлерді тартудың жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Өңірге «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келетін медициналық жоғары оқу орны түлектері үшін өз пәтерлерінің дизайны мен жобалауын таңдау мүмкіндігі беріледі.

Болашақ дәрігерлердің таңдауына 3 үйдегі 100 пәтер ұсынылады. Ол үшін Қарқаралыда 28 пәтер, Теміртауда 60 және Қаражалда 12 пәтер бөлінген. Өтініштер барлық мамандардан қабылданады. Алайда басымдық акушер-гинекологтарға, неонатологтарға, инфекционистерге және жалпы практикалық дәрігерлерге беріледі.

«Биыл «Жастар жылы» деп жарияланған соң біз болашақ дәрігерлерге ыңғайлы болу үшін барлық мүмкіндіктерді жасап отырмыз. Тұрақты жұмыспен қоса түлектерге 100 АЕК көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Және де тағы бір бонус - олар болашақ пәтерлерінің жобалауын өздері таңдайды», - деп атап өтті Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаев.

Денсаулық сақтау басқармасынан атап өткендей, пәтерлеріндегі жөндеу жұмыстары кезінде ауылдық дәрігерлерге уақытша баспана жалға беріледі. Өтініш беру үшін аудандық әкімдікке барып, барлық қажетті құжаттарды жинау керек. Өтініштер қаралған соң болашақ дәрігерлер пәтер дизайны мен жобасын ақылдасу үшін әңгімелесуге шақырылады. Жас мамандарға асығу керек, жаңа баспахана қол жеткізі келетіндер саны күн санап артуда.

Толық ақпараттарды мына +7 747 502 2959, +7 702 253 1155 нөмір бойынша білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы