Қарағанды облысында тағы тоғыз адам COVID-19 дертін жеңіп шықты

20 Мамыр 2020, 01:51
1041
Бөлісу:
Қарағанды облысында тағы тоғыз адам COVID-19 дертін жеңіп шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында коронавирусқа шалдыққан тоғыз науқас ауруханадан шығарылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми ақпараттық порталында жазылды.

Теміртау қаласының төрт емделушісінде – 1965, 1967, 1996 ж.т. ер адамдар және 1967 ж.т. әйелдерде – дәрігерлер бұрын орта ауырлық дәрежедегі КВИ диагнозын қойған.
1993 ж.т. Абай және 1972 ж.т. Шахтинск қаласының тұрғындарында орташа ауырлықтағы КВИ болған.
Қарағанды қаласында тұратын 1987, 1991 және 1997 ж.т. үш науқас та орта дәрежелі коронавирустан сауығып шықты.

Толық емдеу курсынан өткен соң және екі мәрте ПТР-талдау теріс нәтиже көрсеткеннен кейін барлық сауыққан адамдар үй карантинін сақтау шартымен жазылып шықты, – делінген мәліметте.

Айта кетейік, ресми мәліметке сәйкес 19 мамырда Қарағанды облысында індеттен жазылғандардың жалпы саны 156 адам. 



Өзгелердің жаңалығы