Қарағанды облысында бес мың адам бизнес негіздерін меңгеру бойынша оқудан өтеді

15 Қараша 2019, 08:50
1609
Бөлісу:
Қарағанды облысында бес мың адам бизнес негіздерін меңгеру бойынша оқудан өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың соңына дейін Қарағанды облысында бес мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады. 

Оқыту екі бағдарлама бойынша өтеді: "Бастау Бизнес" және "Жас кәсіпкер". Бірінші бағыт бойынша барлық ниет білдірушілер 17 жастан бастап, екінші бағыт бойынша 18-29 жас аралығында курстардан өте алады. Студенттермен жеке тұлғалық өсу бойынша бизнес-тренерлер жұмыс істейді. Олардың барлығы оқытуды жүргізбес бұрын арнайы оқудан өткен. 

Жоспарға сай биыл өңірде екі бағыт бойынша бес мың адам оқытылуы тиіс. Оның ішінде "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша 2634 адам курстан өтті, оның 2197-і өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалының жанындағы аудандық комиссия алдында бизнес-жобаларды қорғаған.

822 тыңдаушы 1,9 млрд теңге сомасына шағын несиелер мен гранттар алды.

"Жас кәсіпкер" жобасы бойынша облыста 1350 адам оқу курстарын өтті. 790 жас кәсіпкер гранттар мен шағын несиеге ие болды. 

Курс тыңдаушылары арасында ең танымал бизнес салалары – мал шаруашылығы және қызмет көрсету саласы болып табылады.



Өзгелердің жаңалығы