Қарағанды облысында 16 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

9 Шілде 2020, 09:18
1068
Бөлісу:
Қарағанды облысында 16 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Жұмыспен қамту жол картасы бойынша 16 106 жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүнісбекова өңірдегі жұмыссыздардың жұмысқа орналасуына қалай көмектесетінін айтты.

Биыл Жұмыспен қамтудың Жол картасына 627 жоба енді. Оның ішінде жолдарды салу және жөндеу, су және жылу желілерін қалпына келтіру, мектептер мен ауруханаларды жөндеу. Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде жобаларда жұмыс істеу үшін өз қаласының немесе аудан орталығының Жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Жұмыс іздеушінің тіркелген жеріне қарамастан облыстың кез келген елді мекенінен жұмыс алуға болады.

Жұмыс беруші-мердігерлер басқа елді мекендегі жұмыссыздармен еңбек шартын жасасқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларға екі ең төменгі жалақы мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек төлейді. Бүгінгі таңда 2 ЕТЖ немесе 85 мың теңге көлемінде көтерме ақы бағдарламаның 19 қатысушысына төленді, - деп хабарлады Әсем Жүнісбекова.

Шалғай елді мекендердің тұрғындары бос орындар туралы білулері үшін 18 мобильді топ құрылды. Олар жұмыс іздеушілерге кеңес береді және оларға жұмыс орнына жетуге көмектеседі.

Сонымен қатар, биылғы жылы Қарағанды облысында 580 адам қысқа мерзімді оқыту курстарына жіберілді, 914 адам "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша оқиды. 500 адам өз ісін ашуға 555 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды.

29 жасқа дейінгі жастар үшін жастар тәжірибесі бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама аясындағы жалақы 69 450 теңгені құрайды.

Жұмыссыздар, студенттер мен жоғары сынып оқушылары қоғамдық жұмыстарға қатыса алады.

Өзгелердің жаңалығы