Бас жаңалықтар
Ақтөбеде жасөспірімдер бір күнде 70 құқық бұзушылық жасаған
13 Сәуiр 2019, 11:20 845

Ақтөбеде жасөспірімдер бір күнде 70 құқық бұзушылық жасаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілсіз болуының алдын алу мақсатында осы жылдың 11-17 сәуір аралығында Ақтөбе облысы аумағында «Жасөспірім» жедел–алдын алу іс шарасы жүргізілуде. Іс-шара нәтижесінде бір күннің өзінде 70 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш іс-шара жасөспірімдердің ойын-сауық орындарда заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу фактілерін анықтау, сонымен қатар кәмелетке толмағандарға алкогольдік, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, сондай-ақ, ересек тұлғалардың кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын алу мақсатында қолға алынған.

Жоспарлы жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ювеналдық полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда, жергілікті жерлерде және жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстарын жүргізуде.

"Іс-шара нәтижесінде бір күнде 70 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, ІІБ-на 38 кәмелетке толмаған, оның ішінде 33 тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00 – ден 06.00 дейінгі аралықта жеткізілді. 3 ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды", - деді полицейлер.

Рейдтің қорытындысы бойынша ІІБ-нің есебіне 12 кәмелетке толмаған жасөспірімдер және 10 қолайсыз отбасы енгізілді.



Фото: дереккөз
Загрузка...