Ақтөбеде метеожағдай нашарлайды

24 Қыркүйек 2020, 07:46
1103
Бөлісу:
Ақтөбеде метеожағдай нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 24 қазанда Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты. 

Ақпаратқа сәйкес, бейсенбі күні Ақтөбе қаласында атмосфералық ауаның ластануы күтіледі. 

Еліміздің қалған шаһарларында метеожағдай норма шегінде болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы