Ақтөбеде дәрінің шекті бағасын арттырған 5 дәріхана жабылды

25 Қыркүйек 2020, 13:46
1560
Бөлісу:
Ақтөбеде дәрінің шекті бағасын арттырған 5 дәріхана жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрі-дәрмектерге шекті бағаның артуы бойынша қайталанған бұзушылықтар үшін мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен 5 дәріхананың қызметі тоқтатылған.

25 қыркүйек күні Antikor ortalygy сервистік ғимаратында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досановтың, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев және Ақтөбе облысы бойынша Фармацевтикалық инспекторат бөлімінің басшысы Дарига Елеуованың қатысуымен облыстағы дәріхана басшыларымен кездесу өтті. Шара барысында пандемия кезінде атқарылған мониторинг жұмыстарының нәтижесі талқыланды. Ашық алаңда ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Коронавирустық инфекциямен және пневмониямен ауыратындар санының күрт және болжанбаған өсуіне байланысты маусымның аяғында – шілде айының басында облыстың дәріханаларының бөлшек сауда желісінде дәрі-дәрмектердің тапшылығы пайда болды. Тапшылық аясында «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № ҚР ДСМ-104 бұйрығының (бұдан әрі-бұйрық) талаптарын бұза отырып, облыс дәріханаларында дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру деректері орын алды, - делінген хабарламада.

Бұл мәселе ең маңызды және тиімді шараларды қажет етті.

Ақтөбеде дәрінің шекті бағасын арттырған 5 дәріхана жабылды

Дәрі-дәрмектің шекті бағасын сақтау мәселесін тез және тиімді шешу үшін Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Ақтөбе облысының прокуратурасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ақтөбе облысы бойынша департаменті, «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, Экономикалық тергеу департаменті өкілдерімен жұмыс тобының құрамында мониторинг жүргізуге қатысты.

Облыстың аудандары мен қаладағы дәріханаларға мониторинг өткізілді. Бүгінгі күні Ақтөбе облысында 369 дәріхана жұмыс жасайды: қалада - 277, аудандарда - 90. Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК негізінде департамент әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. 2020 жылдың 20 шілдесі мен 11 қыркүйегі аралығында фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру кезінде қойылатын талаптарды бұзушылық бойынша 73 әкімшілік іс қозғалып, 32 845 683 теңге айыппұл салынды. Оның ішінде шекті бағадан асып кеткені үшін  67 әкімшілік іс бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес 32 047 008 теңге айыппұл салынды, - делінген таратылған ақпаратта.

Дәрі-дәрмектерге шекті бағаның артуы бойынша бірнеше рет бұзушылық төмендегі фармацевтикалық компанияларда байқалды:

Мекеменің атауы

426 б. 1б.

426 б. 2б.

426 б. 3б.

1

«АктюбФармЦентр» ЖШС

(«Айболит» дәріханалар желісі)

14

2

«Фарм Казына» ЖШС

( «Миллениум» дәріханалар желісі)

1

3

3

ТОО «Желдорфармация»

3

4

«Ансар-фарм» ЖШС

(«АРС» дәріханалар желісі)

2

5

«Рустам и Компани» ЖШС

(«Тан» дәріханалар желісі)

2

6

А;С, Сулеменова ЖК

(«Доктор +» дәріханасы)

4

7

Р.Е. Сартаева ЖК дәріханасы

3

8

Р.А. Бигимбаева ЖК

(«Антибиотик» дәріханасы)

2

9

А.Г. Лагодич ЖК

(«Акку» дәріханасы)

1

10

Н.А. Старченко ЖК

(«Гиппократ» дәріханасы)

1

1

1

11

«Kamkor Company LTD» ЖШС-нің «АРС» дәріханасының фармацевт М.Толепбаеваға қатысты

3

Дәрі-дәрмектерге шекті бағаның артуы бойынша қайталанған бұзушылықтар үшін мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен 5 дәріхананың қызметі тоқтатылды (Н.А.Старченко ЖК («Гиппократ» дәріханасы), А.Г.Лагодич ЖК («Аққу» дәріханасы) лицензияның және «Фарм Қазына» ЖШС-нің «Миллениум» 3 дәріханасы). Мониторинг барысында Н.А.Старченко ЖК «Гиппократ» дәріханасында Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген және қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарды ілеспе құжаттарсыз сатып алу, сақтау және сату фактісі анықталды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар облыстағы дәріханалардың басым көпшілігінде дәрілік заттар шекті бағасынан аспайтынын атап өткен жөн.

Ақтөбеде дәрінің шекті бағасын арттырған 5 дәріхана жабылды

Мысалы, мониторинг барысында «Еврофарма» ЖШС, «Долголет» ЖШС  («БиоСфера» дәріханалар желісі) дәріханалар желісінде шекті бағаның артуы тіркелген жоқ.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Ақтөбе облысында дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша жағдай тұрақталды. КВИ және пневмониямен сырқаттанушылықтың төмендеуіне байланысты дәріханалардың бөлшек сауда желісінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға, оның ішінде медициналық маскаларға сұраныс төмендеді.

«Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі дәріханалардың бөлшек сауда желісінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың болуы мақсатында тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Өзгелердің жаңалығы