Ақтөбеде агломерация жасау керек – президент облыс әкіміне

24 Қаңтар 2020, 12:05
2083
Бөлісу:
Ақтөбеде агломерация жасау керек – президент облыс әкіміне
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік жағдайын сұрады.

Шағын бизнесті қазіргі көрсеткіші 20% өзінің үлесі. Біз "Атамекен" бизнес палатасының өкілдерімен бірсыпыра шараларды жоспарлап отырмыз. Инвестиция тарту арқасында мына ірі кәсіпорындардың айналасында белдеу құрып, нақты тапсырма бердік. Жергілікті жерде шағын-орта бизнес өкілдерін қолдау. 3-4 жылдың ішінде шағын-орта кәсіпкердің үлесін 30% көбейтеміз деген жоспарымыз бар, - деп жауап берді Ақтөбе облысының әкімі.

Жауапты тыңдаған президент Ақтөбеде агломерация жасау керектігін айтты.

Бұл мәселеге ерекше мән беру керек. Облыста үлкен кәсіпорындар бар. CNPC, Темірқорытпа зауыты. Сондықтан шағын бизнесті және үлкен кәсіпорындарды бірлестіріп, бір агломерация жасау керек, - деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, жиын барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновтің жұмысын атап өтіп, оған орынбасарларына қатысты кеңес берді. Сонымен қатар, мемлекет басшысы елорданың шеткі аймақтарын тұрғын үй, әлеуметтік, көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мәселесі де бар екенін де айтып өтті. 




Өзгелердің жаңалығы