Президент Көлгіновке орынбасарларына қатысты кеңес берді

24 Қаңтар 2020, 11:50
1422
Бөлісу:
Президент Көлгіновке орынбасарларына қатысты кеңес берді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновтің жұмысын атап өтті.

Елорда әкіміне келер болсақ, мен әлеуметтік тұрғыдан белсенді жұмыс істеліп жатқанын атап өткім келеді. Тұрғындармен, әсіресе мәселелері бар адамдармен кездесулер өткізіп тұрасыздар. Бұл жұмысты жақсы жүргізіп келесіз. Сіз адамдарға біздің саясатымызды жеткізіп, бізде бар мүмкіндіктерді түсіндіруді жолға қоя білдіңіз, - деді президент. 

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елорданың шеткі аймақтарын тұрғын үй, әлеуметтік, көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мәселесі де бар. 

Жалпы қаланы абаттандырумен үнемі айналысу керек. Сіз барлық аудан әкімдерін осы жұмысқа белсенді түрде бағыттауыңыз керек. Бұл, әсіресе, сіздің бір орынбасарыңызға қатысты. Егер тиісті маман жетіспей жатса, бізден сұраңыз. Бұл жұмысқа кімді алуға болатынын Үкіметпен ақылдасыңыз. Себебі елордаға келетін қазақстандықтар болсын, шетелдік азаматтар болсын, қаланың кейбір жері абаттандырылмағанына назар аударады. Мен бұл климаттық жағдайға байланысты екенін түсінемін. Бұл оңай жұмыс емес, алайда қаланы әрдайым күтіп-бағып ұстау керек. Өйткені елорда – еліміздің сыртқы келбеті, - деді мемлекет басшысы.
Бұған дейін хабарланғандай, бүгін президент төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай 20 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.
Өзгелердің жаңалығы