Ақпарат министрі азаматтарды қабылдады

25 Қыркүйек 2020, 14:34
1388
Бөлісу:
Ақпарат министрі азаматтарды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты өтініш иелерін қабылдау видеоконференц-байланыс қолдану арқылы онлайн-форматта өтті.

2020 жылдың 25 қыркүйегінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева азаматтарды қабылдады. 

Қабылдауда: бүгінгі таңдағы ақпарат саласындағы оң өзгерістер мен жаңаша әдіс-тәсілдер, жастарды түрғын үймен қамтуға қатысты және басқа да қоғам өміріндегі маңызды жайттар сөз болды, - делінген таратылған ақпаратта.

Шара барысында министрге журналистердің жұмысына қатысты, ақпарат саласы төңірегіндегі бірқатар мәселе айтылып, журнал басылымының даму жұмыстары талқыланды.

Еске сала кетсек, азаматтар egov.kz электронды үкімет порталы сервисінің көмегімен бейне-конференция арқылы министрліктің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрінің виртуалды қабылдауына қатыса алады.


Өзгелердің жаңалығы