Бас жаңалықтар
Ақан Сатаев қызын той жасамай-ақ ұзатты
29 Маусым 2020, 20:05 4119

Ақан Сатаев қызын той жасамай-ақ ұзатты

Алматы, BAQ.KZ. Танымал кино режиссер Ақан Сатаев қызы Мәриамды ұзатқанын мәлімдеді.

Ол Instagram-дағы парақшасында қалдырған жазбасында карантин шараларына байланысты той өткізбегендерін жазды.

Құрметті достар! Бүгін біз, Алланың қалауымен, Назира Бақаева екеуіміздің үлкен қызымызды Мәриамды мешітте некесін қиып, күйеубаламыз Есболат Әбдіберікке аманат етіп, табыс еттік. Елдегі жағдайды ескере отырып, үлкен тойсыз, тек құдаларымызбен қарапайым дастархан жайып, сүннет бойынша жастардың қалауын орындауға тырыстық. Алла Тағала барлығымызға жақсылық пен береке беріп, жамандықтан сақтасын! Әмин!, - деп жазды Сатаев.


Фото: дереккөз
Загрузка...