Антониу Гутерриш БҰҰ Бас хатшысы болып тағайындалды

18 Маусым 2021, 20:41
1473
Бөлісу:
Антониу Гутерриш БҰҰ Бас хатшысы болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ Бас Ассамблеясы жұма күнгі отырыста Антониу Гутерришті дүниежүзілік ұйымның Бас хатшысы етіп екінші мерзімге тағайындады. Тиісті шешім туралы отырыста БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясының төрағасы Волкан Бозкыр мәлімдеген. 

Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Мен 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін Антониу Гутерриштің БҰҰ Бас хатшысы болып екінші мерзімге тағайындалғанын жариялау құрметіне ие болдым, - деді Бозкыр. 

Гутерришті тағайындау туралы қарар жалпыға бірдей мақұлдауымен дауыс берусіз қабылданған. 

Тағайындау туралы хабарланғаннан кейін Бозкыр сыртта шешім күтіп тұрған Гутерришті залға шақырып, ант бергізді. Ол БҰҰ Бас хатшысы қызметіне жалғыз үміткер болған. Бұған дейін оны дүниежүзілік ұйымның Қауіпсіздік Кеңесі қолдаған. 

БҰҰ Бас Ассамблеясы Қауіпсіздік Кеңесінің ұсыныстарымен бір рет қана - 1950 жылы келіспеген еді. 

БҰҰ Бас хатшысы бес жылдық мерзімге сайланады.


Өзгелердің жаңалығы