Antidolg.kz заңгерлік қызметі 75 миллион теңге инвестиция тартты

25 Қаңтар 2019, 16:10
2575
Бөлісу:
Antidolg.kz заңгерлік қызметі 75 миллион теңге инвестиция тартты

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстандық Antidolg.kz әлеуметтік заңгерлік қызметі онлайн-медиацианы дамыту үшін 75 миллион теңге инвестиция тартқан.

Antidolg.kz әлеуметтік қызметін инвестициялық консалтинг және баламалы энергия саласында жұмыс істейтін «М-КАТ» компаниялар тобы инвестициялаған.

«Азаматтық іс бойынша сотқа түсетін жүктеме жылына 15% артып отыр. Жыл сайын 4 млн азамат сот жүйесіне жүгінуде. Шағымдардың басым көпшілігі тұлғалар арасындағы қаржылай сұрақтар мен несиелік-компаниялардың мәселелері болып отыр. Бұл сұрақтар әлемнің көптеген елінде соттан тыс шешіледі, ал Antidolg.kz стартапы бұны елімізде сәтті іске асырып отырғанын көріп отырмыз», - дейді «М-КАТ» компаниялары тобының негізін қалаушы әрі басшысы Марат Әмірсейітов.

Стартаптың Astana Hub базасында іске қосылғанынан бері 3 мыңдай отандасымыз компанияға өзінің жанжалдасу ісі бойынша хабарласқан екен. Antidolg.kz өзіне жүгінген азаматтардың барлығының мәселесін оңтайлы шешіп бере білген.

«Біз қарыз клиент пен несие берушіні табыстыра білуді сәтті іске асырдық, яғни олардың дауын мәдениетті түрде шешіп, тараптарды татуласуға әкелудеміз. Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов соттық араласуға балама ретінде медиацианы дамыту қажеттігін бірнеше рет айтып, соған шақырған еді. Дегенімен онлай-қарыз нарығындағы несие беруші компаниялар медиацияны дамыту маңыздылығын түсініп, біздің клиенттермен кездесуге дайын екендіктерін білдіруде, бұл әрине өте қуанарлық жағдай», - дейді Antidolg.kz қызметінің бас директоры Нұрхан Ескендіров.

Осы жылдың басынан-ақ Anidolg.kz еліміздегі онлайн-қарыз беру нарығындағы ірі компаниялармен онлайн-медиация бойынша ынтымақтаса жұмыс істеуді сәтті бастап үлгерген. Соның арқасында отандастарымыз өздерінің жанжалдасу, несиелік қарызға байланысты мәселелерін соттың қатысуынсыз шеше алады.

«Тартылған инвестициялар бірегей бағдарламамен қамтамасыз етуге және сервситің Қазақстанда және көрші нарықта алға ілгерілеуін кеңейте түсуге жұмсалады. Біз сондай-ақ шетелдік еншілес қорлармен де келісімдер жасаудамыз. Олар да Antidolg.kz стартапының табысты жұмыс моделін көріп отыр, сондықтан цифрландыру бағдарламасын дамыту аясында оның «халықаралық тарихын» жасай білу мүмкіндігі зор», - дейді Antidolg.kz дамыту ісі бойынша директоры Бота Жұманова.

Өзгелердің жаңалығы