Елордада әскери ант қабылдау рәсімі өтті

1 Желтоқсан 2019, 14:42
5659
Бөлісу:
Елордада әскери ант қабылдау рәсімі өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет жаңа толықтырылымның әскери ант қабылдау рәсімін өткізді. 

Республиканың әр аймақтарынан жиналған жастар әскери қызмет өткеру және Отан алдындағы конституциялық парызын орындау үшін Әскери ант қабылдайды. Бұл шара әскери қызметшілердің бойында отансүйгіштік қасиетін тәрбиелеп, Отанына және Қазақстан президентіне адалдыққа үндеп, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы сарбаздардың бойында әскери міндет өткерудің мақтаныш сезімін тудыратын ерекше әскери рәсім.

WhatsApp Image 2019-12-01 at 13.17.08.jpeg

Әскери ант қабылдау салтанатты іс-шарасына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің ардагерлері және сарбаздардың ата-аналары мен жақындары шақырылды.

Рәсімдік іс-шарада жаңа шақырылған сарбаздар қысқа уақыт аралығында меңгерген дағдыларын көрсетті. Саптық тәсіл элементтерін көрсетіп, салтанатты маршпен жүріп өтті.

WhatsApp Image 2019-12-01 at 13.16.57.jpeg

Президенттік үрлемелі оркестр және Құрмет қарауыл ротасы плац-концерттің жаңа бағдарламасымен (дефиле) өнер көрсетті.

Жаңа толықтырылым алдында құттықтау сөзді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштер Қолбасшысы генерал-лейтенант Аюбаев Мұхтар Ақатұлы сөйледі.

WhatsApp Image 2019-12-01 at 13.17.28.jpeg

Әскери ант қабылдаған соң сарбаздар мемлекет басшысының және басқа да күзетілетін тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ерекше тапсырмаларды орындауға кірісті, рәсімдік іс-шараларды орындауға қатысып, Мемлекеттік Ту мен Елтаңба эталонын қорғап, шетел мемлекеттерінің басшыларын қарсы алуға атсалысады.



Өзгелердің жаңалығы