Бас жаңалықтар
Әнші Досымжан Таңатаров 45 жасында зейнетке шықты
26 Қаңтар 2021, 17:53 13026

Әнші Досымжан Таңатаров 45 жасында зейнетке шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әнші Досымжан Таңатаров 45 жасында зейнетке шықты. Бұт туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Өйткені ол Президент оркестрінде 20 жыл қызмет етіп, майор шенімен зейнетке шығып отыр. 

2000 жылы Тараз қаласынан арнайы шақырумен келдім. Содан бері ешқайда жылжымай оркестрде қызмет істеген екенмін. 2003 жылдан бастап әскери жұмысқа кірістім, оның алдында әнші ретінде қызмет атқардым. Осы оркестрдің артқан сенімін алып шығуға бар күш-жігерімді салып өнер көрсетіп, қызмет істегеніме де 20 жылдың көлемі болған екен, - дейді әнші. 

Оның айтуынша, осы уақыт ішінде мемлекеттік іс-шараларда, шетелдің Мемлекет басшылары мен арнайы қонақтар қатысқан салтанатты жиындарда өнер көрсеткен.  

Бұл оркестрмен АҚШ, Қытай, Германия, Ресей, Араб елдерінде өнер көрсетіп, өз еліміздің мәдениетін, өнерін танытуға үлес қосқанымды мақтан тұтамын. Өнер биігінде өзімді қалыптастыруға, танымал болуыма, жалпы азамат болуыма осы ортаның берген көмегі көп болды. 20 жылдық ғұмырым оркестрге арналды. Мен де оркестрге аз нәрсе берген жоқпын. Мемлекеттік деңгейдегі марапаттардың бәріне бірден-бір себепші болған да осы оркестр, - дейді Досымжан Таңатаров.
Айта кетейік, Досымжан Таңатаров 1975 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында туған. 2008 жылы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, 2009 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанған.

Бұған қоса Медет Салықов пен Клара Төленбаева да зейнетке шықты.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//