«Аңсаған сәби»: Бір адам жылына бір рет тегін ЭКО процедура жасата алады

10 Қараша 2021, 18:01
1246
Бөлісу:
«Аңсаған сәби»: Бір адам жылына бір рет тегін ЭКО процедура жасата алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді қалалық ауруханасы отбасын жоспарлау орталығының гинеколог-эндокринологы Айгүл Мұсабаева хабарлады. 

Оның айтуынша, «Аңсаған сәби» бағдарламасы сәби иісін аңсаған жұптарға жақсы мүмкіндік ұсынып отыр.

Экстракорпоралды ұрықтандыруды жылына бір рет жасауға болады. Алдында жасалған ЭКО процедурасы нәтиже бермесе, келесі жылы дайындалып, қайтадан тегін жасата алады. Мемлекет тарапынан қайта көрсетілетін тегін көмекке жүгінуге құқығы бар, – деп атап өтті гинеколог-эндокринолог маман.
Сондай-ақ бедеуліктің екі түрі барын алға тартты. Бірі туа бітсе, екіншісі жүре пайда болады.
Олардың арасында көбінесе жүре пайда болған ақаулардың, созылмалы аурулардың салдарынан бедеулікке шалдыққан адамдар көптеп келуде, – деп түсіндірді Айгүл Мұсабаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 40 сәби өмірге келгені туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы