Андорра командасына құрметпен қараймыз – Роман Григорчук

23 Шілде 2019, 17:15
1669
Бөлісу:
Андорра командасына құрметпен қараймыз – Роман Григорчук

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін УЕФА Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Қазақстан чемпионы «Астана» сырт алаңда Андорраның «Санта-Колома» клубымен кездеседі. Осы ойынның алдында «Астана» командасының бас бапкері Роман Григорчук тілшілердің сауалына жауап берді.

- Бізде барлығы жақсы. Жол ұзақ болғанымен, одан ешқандай қиындық көріп тұрғаным жоқ. Демалып та үлгердік. Ертеңгі кездесуге толықтай дайын болу үшін қазір соңғы жаттығу жұмыстарын өткіземіз.

- Команда Андорраға дейін өте ұзақ жолды артқа тастады. Бұл ойыншылардың фукционалдық дайындығына қаншалықты өз әсерін беруі мүмкін?

- Бізге ұзақ жол туралы ойлаудың да қажеті жоқ деп ойлаймын. Бар ойымыз алдағы кездесу жайлы болуы тиіс.

- Осыған дейін Андорра командаларымен жолыңыз түйісіп көрді ме?

- Жоқ, бұл менің Андорраға алғаш келуім.

- «Астана» осы жұптың фавориті. Матчтан не күтесіз?

- Қай команданың фаворит екенін айтып, пікір білдіргім келмейді. Қазір барлық командалар футбол ойнауды өте жақсы меңгерген. Клубтар арасында айтарлықтай айырмашылық бар дей алмаймын. Жарысты Чемпиондар лигасынан бастағандықтан Еуропа елдерінің үздіктерімен ғана кездесіп келеміз. Өздеріңіз білесіздер, тек мықтылар ғана чемпион болады. Осы жағдайды ескеретін болсақ, біз қарсыласқа деген үлкен құрметімізді білдіре отырып, маңызды ойынға дайындалып жатырмыз.

Өзгелердің жаңалығы