Бас жаңалықтар
Қандастар ЖОО-ның дайындық бөліміне қалай түсе алады?
07 Тамыз 2020, 17:28 500

Қандастар ЖОО-ның дайындық бөліміне қалай түсе алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қандастар мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде білім ала алады. Осы мақсатта 2020-2021 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды оқытуға 1300 орын бөлінді.

Оқуға түсуге арналған құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және Академиялық ұтқырлық орталығының веб-порталы https://enic-kazakhstan.kz арқылы онлайн режимде жүргізіледі.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне жеткізу үшін Сыртқы істер министрлігіне хат жолданды. Үміткерлерден құжаттарды қабылдау ережесіне сәйкес қадамдық нұсқаулығы төменде көрсетілген.
Құжаттарды онлайн режимінде тапсыру бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +7 (7172) 287526 нөміріне және  admission@n-k.kz  поштасы бойынша хабарласуды сұраймыз.
Сонымен қатар, «Отандастар қорының» төменде көрсетілген нөмірлері бойынша хабарласа аласыздар:
1404 (барлық қазақстандық мобилді операторлар  үшін тегін)
8 800 080 1404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар  үшін тегін)
+7 (7172) 981404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар  үшін тегін, халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген ставкамен)
8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарлар мен қоңыраулар үшін). 




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...