Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің уақыты белгіленді

13 Қараша 2019, 19:33
6530
Бөлісу:
Қанат Исламның келесі жекпе-жегінің уақыты белгіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) жаттығу лагерін желтоқсанда бастайды.

Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын мәлімет көзі хабарлады.

26 қазанда Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында WBO International белбеуі үшін өткен соңғы жекпе-жегінде Қанат Ислам намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.

Жекпе-жектен кейін Каутондоква төрешілер шешімімен келіспеді, ал оның менеджері Нестор Тобиас қазақстандық боксшыдан қарымта талап етті. Айта кетейік, атақты амеркалық менеджер Эгис Климас Исламмен келісімін үзді. Ол қазақ боксшының ісін 2018 жылдың ақпанынан бастап жүргізген еді.

Ал қазір Қанаттың істерімен Нельсон Лопес айналысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы