Бас жаңалықтар
Аманжан Еңсебаев. Қазақ дикторлар мектебі. Ағалар жолы
Сұхбат PHOTO
29 Қыркүйек 2021, 10:12 796

Аманжан Еңсебаев. Қазақ дикторлар мектебі. Ағалар жолы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  «Ғасыр күнделігі» айдары арқылы Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында радио ардагерлерімен сұқбаттасуды жалғастырып келеміз.

Бұл жолы радионың ардагері, күллі қазаққа белгілі диктор Аманжан Еңсебаевты әңгімеге тартқан едік. Жарты ғасыр ғұмырын ұлттың үнжариясына арнаған ардагер сол кездегі Қазақ рдиосында қызмет атқарған дикторлар жайлы сөз айтты. Аманжан Еңсебаев, әсіресе, өзі ұстаз тұтқан Әнуарбек Байжанбаев туралы тамаша естеліктерімен бөлісті.

- Әнуарбек ағаның халық құрметіне бөленуінің өз сыры бар. Сіз де ол кісіні ұстаз тұтатын боларсыз?

- Радиоға алғаш табаным тиген сәттен бастап Әнекеңнен бастадым. Әнекең күллі қазақтың құрметіне қалай ие болды? Әнекеңді бүкіл халық не үшін сыйлады? Осы уақытқа дейін, міне, өзім де 70-ке келген екенмін, Әнуарбек ағаның қасында 20 жылға жуық шәкірті ретінде қатар жүрдім. Менің әлі күнге дейін Әнуарбек ағаны ұмыта алмайтыным да, ол кісінің аруағының алдында бас иетінім де рас. Ол кісінің қарапайымдылығы ел ішінде қара басын қарқарадай етіп көрсететін. Сол 18-19 жылдың ішінде мен Әнуарбек ағаның біреудің алдында бір кеуде көтергенін көрмеппін. «Мен – Байжанбаевпын!», «Мен – Қазақстанның Халық әртісімін!» деп кеудесіне нан пісіп, біреуге дауыс көтеріп, тәкаппарланғанын, болмаса біреуге менсінбей қарап, өзін басқадан жоғары ұстаған мінезін көрмеппін. «Бетегеден биік, жусаннан аласа» дейді ғой, қашан көрсеңіз де бірқалыпты. Бәріміз де пендеміз ғой, кейде бір 50 грамдатып, дүрілдетіп отырғанда «О, мен – Байжанбаевпын» дейтіні бар, одан басқа еш уақытта бөтен сөз естімеппін.

Қаншама нөкері қасында қолпаштап жүреді. Әсіресе, қаламақы алған кезде. Айына бір рет аванс беріледі. Ал ондай кезде жазушы да Қазақ радиосында, әнші де, композитор да, күйші де, ақын да, әртіс те Қазақ радиосында. Радионың ішіне сыймай кетеді ғой. Енді бір қарасаң, Желтоқсан көшесінен Сәтбаев көшесіне қарай қайқайып Әнуарбек аға кетіп бара жатады. Артында нөкерлері екіден-үштен, тап бір футболға бара жатқандай тізіліп бара жатады. Кейде білетіндер терезеден қарап тұрып, «әне, Байжанбаевтың саяжайына кетті» дейді. Сол кезде «Байжанбаевтың саяжайы» дегеннің не екенін онша ұға бермейміз. Шынымен тау жақта саяжайы бар екен деп жүрміз ғой. Сөйтсек...

Сұқбаттың толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.


Фото: автордан
Загрузка...