Ғалымдар судағы микробтарды өлтіретін ыдыс ойлап тапты

19 Қыркүйек 2019, 22:02
2100
Бөлісу:
Ғалымдар судағы микробтарды өлтіретін ыдыс ойлап тапты

Алматы, BAQ.KZ. LARQ компаниясының өнертапқыштары судағы микробтарды жоятын бөтелке ойлап тапты. Бұл туралы belnovosti.by хабарлады.

Компания өкілдерінің айтуынша, бұл құрылғы бактерияларды 100% дейін жояды, оның үстіне бұл ыдыс бәрін өздігінен жасайды. Мұндай тың дүние нарыққа бірінші рет шығып отыр. Ерекше ыдыстың бағасы 118 доллар шамасында.

Ыдыстағы суды тазарту үшін бар болғаны 1 минут уақыт кетеді, кейін оны іше беруге болады. Суды тазарту үшін ыдыстағы арнайы тетікті бассаңыз болғаны, ол іске қосылып, сізге қауіпсіз суды дайындап береді.

Ыдыста қуаттағыш құрылғы орнатылған және оны крандағы сумен жуып отыруға болады.
Өзгелердің жаңалығы