Ғалымдар балалардың организмінде 11 түрлі микропластик бар екенін анықтады

18 Қыркүйек 2019, 11:42
2045
Бөлісу:
Ғалымдар балалардың организмінде 11 түрлі микропластик бар екенін анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдарды балалардың кіші дәреті мен қанның құрамында су өткізбейтін киім мен отқа төзімді заттардың құрамына қосатын заттардың табылуы алаңдатып отыр.

Немістің Spiegel басылымы Роберт Кох институты ғалымдары мен қоршаған ортаны қорғау федералды агенттігінің  қызметкерлерінің зерттеуін жариялаған. Зерттеу қорытындысы бойынша балалардың организмінде микропластик болған. Яғни тексерістен өткен баланың 97%-ында 11 түрлі микропластик бар екенін анықтаған.

Зерттеу Германиядағы «жасылдар» қоғамының өтініші бойынша жасалған. 3 пен 17 жас аралығындағы 2500 баладан қан мен кіші дәреттің үлгілері алынды. Тексерістен өткен балалардың 97%-ынан 15 түрлі микропластиктің 11 түрі табылған.

«Біздің зерттеуіміз пластиктің үлесі көбейген сайын, олардың адам организмінде де көптеп кездесетінін көрсетті. Алаңдататын мәселе бұдан балалар зардап шегеді, әсіресе кішкентай балалар», - деді зертеуге қатысқан авторлардың бірі Марике Колосса-Геринг.

Мамандарды перфтороктан қышқылының (ПФОК) жоғары болуы алаңдатып отыр. Тексерістен өткен балалардың 20%-ында ПФОК рұқсат етілген деңгейден жоғары болған. Кішкентай балаларда бұның үлесі одан да көп болған.

Перфтороктан қышқылы су өткізбейтін киім мен өтқа төзімді заттардың құрамында болады. Бұл канцерогендік зат болып табылып, ұрықтану қабілетіне зиянын тигізеді. Басылымның мәліметінше, 2020 жылы бұл зат ЕО территориясында тыйым салынбақ.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей тыйым салынған химиялық заттардың алмастырғышы ұлғайған. Экологтар қауіпті деп топтастырылған заттар, алмастырғыш химиялық заттармен толықтырылмауы керек дейді.

Сонымен қатар зерттеу нәтижесі 2006 жылмен салыстырғанда балалар косметикасы мен ойыншықтарын шығарғанда қорғасынды қосу тыйым салынғалы балалардың организмінде оның үлесі азайған.

2019 жылы тамыз айының басында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі балалардың ойыншығын зерттеп оның 60% қауіпті деп атаған болатын. Оның 74% Қытай өндірушілері, 26% Түркиядан келген ойыншықтар.

 

Өзгелердің жаңалығы