«Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегеріне пәтер кілті тапсырылды

13 Қазан 2021, 11:33
2833
Бөлісу:
«Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегеріне пәтер кілті тапсырылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала педагогтары арасындағы байқау жеңімпаздарымен және мұғалімдерді қолдау мен кәсіби дамытуға бағытталған арнайы грант иегерлерімен кездесті.

Қалалық «Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегері, №39 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нұржігіт Аманов Alma City жаңа тұрғын үй кешенінен пәтерді сыйлыққа алды. Ал 1 орынды иеленген №10 гимназияның физика пәнінің мұғалімі Дарын Сайыновқа автомобиль берілді. 

«Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегеріне пәтер кілті тапсырылды

Екінші және үшінші орын алған №96 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Раиса Цой және №92 мамандандырылған лицейдің химия пәнінің мұғалімі Суннатулла Каумбаев ақшалай сыйақымен марапатталды.

Сонымен қатар 10 үздік педагог, оның ішінде балабақша тәрбиешілеріне қала әкімінің гранттары табысталды.

 Республикалық «Үздік педагог» байқауы қалалық турының жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар берілді.

«Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегеріне пәтер кілті тапсырылды

Өз мамандығы бойынша үздіктерді анықтауға бағытталған шара дарынды мұғалімдерді қолдап, беделін арттырып, озық педагогикалық тәжірибені бөлісу мақсатында өткізіледі, -  деп атап өтті Сағынтаев.

«Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегеріне пәтер кілті тапсырылды

Мектепке жаңа келген жас мұғалімдер үшін осымен үшінші жыл қатарынан бір реттік материалдық көмек көрсетілуде. Биыл оны 33 млн теңгеден астам соманы 566 жас маман алады.

«Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегеріне пәтер кілті тапсырылды

Мұғалімдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. «Алматы жастары 3.0» қалалық бағдарламасы бойынша өткен жылы білім беру саласының 307 қызметкері пәтер алды. Биыл 245 педагог жеңілдетілген несие беруді пайдаланды.

«Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегеріне пәтер кілті тапсырылды

Кездесу соңында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев барлық педагогтар мен тәлімгерлерге игі еңбектеріне табыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы