Президент: Алматының бизнес климат ахуалын жақсартып, инвестиция тарту мәселесін көтеру керек

29 Қазан 2019, 12:18
2569
Бөлісу:
Президент: Алматының бизнес климат ахуалын жақсартып, инвестиция тарту мәселесін көтеру керек

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі қаланың бірқатар көрсеткіште кешеуілдеп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы мемлекет басшысы Алматыда өткен жиында айтты. 

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы оргадардың жұмысы ел бойынша 14-орынды көрсеткен. Президент осындай көрсеткішті алға тарта отырып, қала әкімін жемқорлықтың таралуымен ШОБ-тағы тексерістің көптігімен күресуге шақырды. 

"Микробизнес пен ШОБ-ты үш жылға тексеруден босату қажет. Бизнестің бұл санатына барынша көмектесу керек. Алматыдағы шағын және орта бизнестің рөлі зор. Қаладағы ШОБ-тің үлесі аймақтық өнімде 40%-ды құрайды. Бұл салада жұмысқа қабілетті халықтың 60%-ы жұмыс істеуде", - деді ол. 

Сондай-ақ, ол қалада жетекші білім ордалары орналасқанын айта келе әлі күнге дейін ауыз толтырып айтатын инновациялық жобалардың іске аспай жатқанын жеткізді.

"Алматы еліміздің ғылыми инновациялық орталығы болып отыр. Мұнда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ сияқты жетекші оқу орындары бар. Алайда, сәтті шыққан инновациялық өнімді әзірге көріп отырған жоқпыз. ҚР Білім және ғылым министрлігі әкімдікпен және басқа да мемлекеттік ұйымдармен бірге осы бағытта шара қолдану керек. Еркін сауда айналым аймағы мен инновациялық технология паркінің әлеуетін барынша пайдалану қажет", - деді президент.

Сондай-ақ, қаладағы бизнес климат ахуалын да жақсартып, инвестиция тарту мәселесін көтеру керектігін айтты. 

"Қалаға, тіптен елге турист тартқымыз келсе, шетелдіктердің міндетті тіркелуін алып тастау қажет.  Шетелдік туристрге қолайлы жағдай жасау керек, ал міндетті тіркелу бұл жемқорлыққа әкеледі. Ал ол қаланың атына кір келтіреді. Үкімет бұл мәселені жаңа жылға дейін шешу керек. Мұның бәрі қаланың инвестициялық ахуалына әсер етеді", - деді ол.
Бұған дейін мемлекет басшысы Алматы білім, ғылым және іскерлік орта ретінде дамып келе жатқанын, оның Орталық Азияның өңірлік хабына айналатынын айтқан болатын. 
Өзгелердің жаңалығы