Бас жаңалықтар
Алматының 3 ауданында күндіз суық су болмайды
09 Наурыз 2021, 02:18 1507

Алматының 3 ауданында күндіз суық су болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 10-11 наурызда күндіз – Медеу, Алмалы және Жетісу аудандарында су тоқтатылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

10 наурызда Медеу ауданындағы тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін суық су берілмейді. 11 наурыз күні Алмалы ауданында, Мақатаев – Райымбек – Қожамқұлов – Сейфуллин көшелері мен Жетісу ауданының Райымбек – 2 Гончарная – Қазыбаев – Лобаческий – Ақбаев – Сейфуллин көшелерінің орталығында орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарға су беру тоқтатылады.

Судың берілмеу себебі жаңа су құбыры желісінің қосылуына байланысты қолға алынып отырған шара. Су тоқтаған кезде денсаулық сақтау, білім беру, өзге де әлеуметтік сала ғимараттарына су автоцистерналармен жеткізіледі. Уақытша қолайсыздық үшін түсіністік танытуларыңызды сұраймыз, – деп хабарлады «Алматы су» МҚК өкілдері.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...