Бас жаңалықтар
Қошмамбетов: «Ashyq» арқылы минутына шамамен 150 сканерлеу тіркеледі
20 Сәуiр 2021, 18:07 166

Қошмамбетов: «Ashyq» арқылы минутына шамамен 150 сканерлеу тіркеледі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Ashyq» мобильді бағдарламасына сәйкес алматылықтарға коронавируспен ауырып-ауырмауына қарай түрлі-түсті мәртебе беріледі. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифингте айтты.

Оның айтуынша, бұл мәртебе QR кодын пайдалану және ПТР-дың жалпы базасымен интеграциялау арқылы анықталады. СПА, фитнес-орталықтар, кинотеатрларға кіру немесе кірмеу мүмкіндігі түске байланысты болады.

Қосымшаны пайдалану өте жеңіл, келушінің бір минут уақытын ғана алады. Пайдаланушы плеймаркеттен «Ashyq» қосымшасын жүктеп, бір рет ЖСН енгізеді және кірген кезде QR-кодты сканерлейді. Өз кезегінде, «Ashyq»-ты қолданған кезде бизнеске карантиндік жеңілдіктер беріледі. Бүгінгі таңда 235 000 пайдаланушы «Ashyq» қосымшасын қолданады. Жобаның арқасында кіреберісте «қызыл» мәртебесі бар 560, 134 «сары» келуші анықталды. Соңғы аптада қосымшаны 147 000-нан астам қолданушы жүктеген, - дейді ол.

Сонымен қатар ол күн сайын қала тұрғындары қосымшаны пайдаланатын нысандарға баратынын айтады, барлығы 48 000-ға жуық сканерлеу тіркелген. Бұл минутына шамамен 150 тіркеу, қарбалас уақытта 250 тіркеу екен.

Айтуар Қошмамбетов 13 сәуірден бастап «Ashyq»-қа тағы 4 өңір қосылғанын айтты. Бұл Ақтөбе, Тараз, Талдықорған және Ақмола облысы. 

Қазіргі уақытта бүкіл республика бойынша 633 қатысушы, оның ішінде Алматы қаласында - 341, тағы 26 өтінім қарау сатысында екен. Берілген өтінімдердің арасында сауналар, бассейндер, спа-орталықтар, компьютерлік клубтар мен монша иелері бар. 

Сонымен қатар Алматы потенциалды қауіпті немесе коронавирусты жұқтырғандарды анықтау үшін сандық технологияларды қолданатын қалалар арасында көшбасшы болып отыр. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq»-қа 123 мекеме, Қарағандыда-77 мекеме өткен.

17 сәуірден бастап Алматы қаласы бойынша жобаға 5 кинотеатр және 1 театр, сондай-ақ QR кодын алу сатысында 6 кинотеатр және 1 театр қосылды. Кинотеатрларды қосудың алғашқы күні-ақ, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 5 келуші анықталды, - дейді Қошмамбетов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...