Бас жаңалықтар
Алматылықтар бюджетті неге жұмсау керектігін өздері шешеді
20 Тамыз 2019, 19:07 157

Алматылықтар бюджетті неге жұмсау керектігін өздері шешеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімдігінің баспасөз-орталығында «Бюджетке қатысу»жобасы бойынша брифинг өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.

"Open Almaty порталында «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау 19 тамыздан 1 қыркүйекке дейін жалғасады. «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы бойынша жобалық ұсыныстарды қабылдау 2019 жылғы 19 тамыздан бастап 1 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады. Жобаларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін сараптау комиссиясы оларды іріктейді және 20-29 қыркүйек аралығында тұрғындардың дауыс беруі өтеді, онда жеңімпаз жобалар анықталады", - делінген таратылған хабарламада.

Бюджетке қатысу немесе партисипативтік бюджет – бұл азаматтардың қатысуымен әзірленген жергілікті бюджет. Қала тұрғындары бюджеттік үдерістің барлық сатыларында - жоспарлау, талқылау және мониторинг сияқты басым мәселелер бойынша қаржылық шешімдерді қарауға және қабылдауға үлес қосады.

"Алғаш рет партисипативті бюджет 1988 жылы Бразилиядағы Порт-Алегри қаласында енгізілді. Азаматтар қалалық бюджетті бөлуге қатысты. Партисипативтік бюджет Порт-Алегри қаласына инфрақұрылым, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй жағдайлары бөлігінде өмір сүру жағдайын жақсартуға көмектесті. БҰҰ бұл процесті «оң тәжірибе» үлгісі ретінде таныды. Дүниежүзілік банк партисипативті бюджетті қалалықтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша құралдар жиынтығына қосты", - делінген таратылған ақпаратта.

Бүгінде партисипативті бюджет Нұр-Сұлтан, Париж, Лондон, Сеул, Мәскеу, Киев, Лейпциг және Ош қаласында қолданылады.

Алматыдағы бюджетке қатысуыдың мақсаты - қала тұрғындарының ұсыныстары мен бастамалары негізінде мегаполис аудандарының аумақтарын дамыту және абаттандыру. Жоба ұсынысының авторы Қазақстан Республикасының азаматы, оралман, ел аумағында тұрақты тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ адам бола алады.

"Жобалық ұсыныстар budget.open-almaty.kz порталы арқылы беріледі. Ол үшін өтінімді толтыру қажет (жобалық ұсыныстың атауын, оның сипаттамасын, объектінің мекенжайын көрсету), жобалық ұсыныстың эскизі мен сметасын міндетті түрде қоса тіркеу қажет (шамамен алынған болуы мүмкін). Сондай-ақ, қалауыңыз бойынша ағымдағы жағдайының фотосуреттерін және презентацияларды қоса аласыз", - делінген таратылған ақпаратта.

Бір жобаның ең жоғарғы құны 100 млн теңгеден аспауы тиіс. Іске асыруға рұқсат беру үшін жоба Алматы тұрғындарының 10-нан астам дауысын жинауы тиіс. Қаланың бір тұрғыны жеке ЭЦҚ пайдалана отырып, үш жобалық ұсынысқа дауыс беруге құқылы.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық