Алматыдан қару-жарақ жасайтын цех табылды

15 Қараша 2020, 03:02
1325
Бөлісу:
Алматыдан қару-жарақ жасайтын цех табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ірі операция нәтижесінде қару-жарақ жасайтын астыртын цех әшкереленді, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Медеу ауданының екі тұрғыны ұсталды. Олардың тұрғылықты жерінен ірі көлемде қару-жарақ, ұрыс құралдары, оларды түрлендіруге қажетті заттар табылды. Бұл заттар қылмыстық іске айғақзат ретінде тіркелді. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды,- деп жазылған хабарламада.
Күдіктілер уақытша оқшаулау орнына қамалды. Тәркіленген қару-жарақтарға баллистикалық сараптама тағайындалды
Өзгелердің жаңалығы