Алматыдағы атыс: қаза тапқан адамның бірі үйдің жаңа қожайыны

20 Қыркүйек 2021, 20:19
4887
Бөлісу:
Алматыдағы атыс: қаза тапқан адамның бірі үйдің жаңа қожайыны

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-і бастығының орынбасары Рустам Абдірахманов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгін сот қаулысын орындау барысында 5 адам қаза тапты, оның екеуі полиция қызметкері. Қайғылы жағдай сағат 17.00 шамасында болды.

Сот қаулысы бойынша мүлікті екі тарап арасында бөлу көзделген. Сот қаулысын орындау барысында баспанадан шығарылатын азамат үйіне жүгіріп барып, тіркелген аңға арналған қарудан сол жердегі адамдарға оқ жаудырды. Қаза тапқан адамның бірі мүлікті иеленетін жаңа қожайын болған,-деді ол

Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Арнайы жасақтың көмегімен күдікті ұсталды. Ол жерде әйел мен кәмелеттік жасқа толмаған балалар болғандықтан біздің тараптан қару қолданылмады. Оқиға орнын полиция қоршауға алды, осы маңдағы адамдардың өміріне ешқандай қауіп жоқ,-деді Рустам Абдірахманов.

Айтиа кетсек, бұған дейін Алматы қаласы Алатау ауданындағы «Ақбұлақ» шағынауданында атыс болып, бес адам қаза тапқанын хабарлағанбыз.

Қаза тапқандар арасында екі полиция, сот орындаушы және екі бейбіт азамат болған.

Өзгелердің жаңалығы