Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының бойына 700-ден астам ағаш отырғызылады

28 Наурыз 2019, 20:57
2147
Бөлісу:
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының бойына 700-ден астам ағаш отырғызылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Әл-Фараби даңғылының бөлу жолағының бойына Желтоқсан көшесінен Ходжанов көшесіне дейін жапырақты және қылқан жапырақты 700-ден астам ағаш отырғызудың дайындық жұмыстары басталды.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті питомниктерде өсірілген ірі көлемді ағаштар – терек, емен, шырша отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар, 5,5 мың шаршы метр аймаққа гүлдер мен шыбықтар өсіріледі.

«Ескі қоршауларды алып тастау 30 наурызға дейін жалғасады, гүл өсінділерін даярлау бес күнге, яғни 1-5 сәуірге дейін созылады. Жұмыс барысы кезінде көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Полиция департаментіне жол-патруль топтарының санын ұлғайту тапсырылды», - делінген хабарламада.

Бұл акцияны қаланың Жасыл экономика басқармасы «Ағаш отырғыз» республикалық қоғамдық бірлестікпен бірге бизнес қоғамдастықтың демеушілік көмегі арқасында жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы