Алматыда жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр

2 Қыркүйек 2020, 11:49
1634
Бөлісу:
Алматыда жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматының жылу беру маусымына дайындығы туралы өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты.

Қала басшылығының тапсырмасына сәйкес, Алматыда біраз ауқымды жұмыстар атқарылды. Оның ішіндегі негізгісі – қыс мезгіліне дайындық. Жылу маусымына дайындық аясында қазіргі таңда жөндеу, құрылыс, жаңарту жұмыстары жүргізілді. Қаладағы энергокешеннің дайындығы – 88%, жылу желілерінің дайындығы – 85%. Желілерді қысқа дайындау барысында біз ол желілерді алдымен сынап көреміз. Осы тексеріс барысында маусым айынан бастап 353 ақау табылды. Оның бәрі қайта қалпына келтірілді. Ал, тамыз-қыркүйек айларының қосымша сынау жұмыстары барысында 270 ақау табылып, оның 260-ы қайта қалпына келтірілді, - деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, қаладағы газ, су,электр желілерінің дайындығы ойдағыдай. 

Газ желілері 100%-ға, электр желілері – 82%-ға, су беру желілері – 99%-ға, кәріс жүйесі – 94%-ға дайын. Сонымен қатар, қаламыздағы екі қазандық - «Алматы электр станциялары» АҚ - 72%-ға, «Алматы. Теплокоммун энерго» АҚ бойынша дайындық көлемі 76%-ға дайын тұр. Ал, қала бойынша 444 білім басқармасы мекемесі бар, олардың  қыс мерзіміне дайындық көлемі 97%, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы мекемелер саны 135, бұлардың дайындығы 82%. Көпқабатты үйлердің дайындығы - 92%. Бұл бүгінгі қыркүйектің басындағы бекітілген фактілер, - деді Әсет Масабаев.

Өзгелердің жаңалығы