Алматыда жастарды жұмысқа орналастыру бойынша мобильді пункттер жұмысын бастады

18 Тамыз 2020, 10:57
1501
Бөлісу:
Алматыда жастарды жұмысқа орналастыру бойынша мобильді пункттер жұмысын бастады

Алматы, BAQ. KZ. 18 тамызда Алматы қаласының барлық аудандарында жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі Жастар ресурстық орталықтарының жылжымалы пункттері жұмыс істей бастайды.

Аталған іс-шаралар апта бойы өткізіледі, онда "Жастар практикасы" және "Қоғамдық жұмыстар" Жұмыспен қамту орталығының бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстары мен жастарды тіркеу жүргізіледі.

Барлық аудандардағы Жастар ресурстық орталықтарының белсенділері жастарға ақпараттық брошюралар тарататын болады.
Барлық тілек білдірушілерге түрлі бағыттағы өзекті бос жұмыс орындары ұсынылады. Әрбір ізденуші сауалнама-түйіндемелерді толтыра алады, олар өңделгеннен кейін Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдеріне беріледі және "Шұғыл талап етіледі" газетінің сайтында жарияланады.

Жылжымалы пункттердің жұмыс орындарында санитарлық нормалар сақталады: әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бетперде киген 1-2 қызметкер өтінім қабылдайды.
Өзгелердің жаңалығы