Бас жаңалықтар
Алматыда жаңадан салынып жатқан құрылыс нысаны өртенді
VIDEO
03 Маусым 2020, 14:56 130

Алматыда жаңадан салынып жатқан құрылыс нысаны өртенді

Алматы, BAQ.KZ. Желіде қалада салынып жатқан құрылыс нысандарының бірінің шатыры өртеніп жатқан видео тарады.

Алматы қаласы ТЖД-ның мәліметінше, 3 маусым күні сағат 13.55 кезінде Медеу ауданындағы жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанының шатыры өртеніп жатқаны туралы хабарланған. 
Медеу ауданындағы Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 150 мекенжайында болған өрт туралы хабарлама бойынша шақырту орнына өрт сөндірушілер дереу жіберілді. Өрт сөндірушілер, сондай-ақ екінші бағытта  көршілес ғимараттың қорғауына бағытталды. Жедел атқарылған жұмыстардың арқасында сағат 14:14 кезінде өрт өшірілді. Көршілес ғимаратқа қызыл жалынның таралуына жол берілмеді. Өрт аумағы анықталуда,-делінген ТЖД таратқан хабарламада. 

Өртті сөндіруге барлығы 17 жеке құрам мүшесі мен 4 бірлік техника жұмылдырылған. Өрт толығымен өшірілді. Ғимараттың шатырында, сондай-ақ газ баллоны жарылғаны анықталды.






Фото: ашық дереккөз
Загрузка...