Алматыдағы дезинфекциялау жұмыстарына 600 мың литр ерітінді қолданылды

31 Наурыз 2020, 14:59
1235
Бөлісу:
Алматыдағы дезинфекциялау жұмыстарына 600 мың литр ерітінді қолданылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі төтенше жағдай кезінде 600 000 л ерітінді (300 таблеткадан 200 құты) қолданылғанын мәлімдеді. Қоқыс салатын жәшіктер, орындықтар, қоғамдық көлік аялдамалары, жерасты және жерүсті өткелдерін дезинфекциялау үшін күн сайын 60-тан астам жұмысшы жұмылдырылуда. 

Сонымен қатар, қоқыс шығаратын ұйымдар контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді дезинфекциялауға 43 000 л дезинфекция ерітіндісін пайдаланды. Ол үшін 85 адам жұмылдырылды. Автобустарды дезинфекциялауға 130 литрден астам ерітінді пайдаланылып, 100-ге жуық адам жұмыс істеді,- делінген хабарламада.
Ал, аулалар мен кіреберістерді дезинфекциялауға 512 адам тартылған. Карантин басталғаннан бері 150 мың литр дезинфекциялаушы құрал жұмсалған. Күніне орта есеппен 8 мың подъезд және 1300 аула өңделеді.
Қолданыстағы дезинфекциялау құралдары (Дезэфект-Форвард) микробпен вирусқа қарсы әсерге ие. Бұл құрылғылар емделудің алдын алу мекемелерінің, коммуналдық қызмет нысандары мен тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының, сондай-ақ сауда объектілерінің сыртқы жақтарын дезинфекциялауға арналған,- делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы