Бас жаңалықтар
Алматыда веложарысқа байланысты бірнеше көше жабылады
09 Қазан 2021, 14:12 3648

Алматыда веложарысқа байланысты бірнеше көше жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 қазан, жексенбі күні Алматыда «Tour of Kazakhstan. Almaty 2021» әуесқой веложарысының екінші кезеңі өтеді.

Осыған байланысты «Медеу» мұз айдынына апаратын автожол ішінара жабылады. Қазақстан велоспорты федерациясы мәлімдегендей, веложарыс таңғы 9.30-да «Royal Tulip» қонақүйінің жанында басталады. Жарыстың мәресі сағат 11.00-де «Медеу» мұз айдынында өтеді деп жоспарланды. 

Осыған байланысты қаланың Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің қиылысынан «Медеу» мұз айдынына дейінгі автожол аралығы таңғы 9.30-дан 11.00-ге дейін жабылады. 

Федерация өкілдері қала тұрғындарына бұл күні көлікпен жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуды ескертті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...