Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар тұмауға қарсы вакцинаны үйде алады

23 Қыркүйек 2020, 16:18
1510
Бөлісу:
Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар тұмауға қарсы вакцинаны үйде алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  өткен онлайн-сұхбат барысында №24 қалалық емхананың бас дәрігері Жәмила Баттақова хабарлады.

Тіркелген халықты вакциналауға қатысты дәрігер егде жастағы, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және емханаға бара алмайтын адамдарға мобильді бригадалар үйде қызмет көрсететінін атап өтті.

Емханаға бару мүмкіндігі болмаған жағдайда, мобильді бригадалар емделушілерге барады. Мобильді бригадаларға -  дәрігер мен медбике кіреді. Олар барлық қажетті ережелерді сақтайды. Осылайша, вакцина процедурасын үйде жүргізуге болады, - деп түсіндірді Баттакова. 

Дәрігер міндетті түрде барлық пациентті қарсы көрсетілімі бар-жоқтығын тексереді. Әрі қарай вакцина процедурасын арнайы дайындалған медицина қызметкерлері жүргізеді. 

Бүгінгі күні №24 қалалық емханада тұмауға қарсы вакцинамен 1712 адам қамтылды. Оның ішінде 12 адамға вакцина үй жағдайында салынды. 

Айта кету керек, тегін вакцина келесі санаттағы азаматтарға қол жетімді:

- эпидемиялық көрсеткіштер бойынша адамдарға;
- жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдар;
- екінші немесе үшінші триместрдегі жүкті әйелдерге;
- медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметтерін алушыларға;
- Мемлекеттік мекемелердің медицина қызметкерлері;
-жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің балалары;
- медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балалар;
- алты айдан асқан жиі ауыратын балалар;
- тергеу изоляторларындағы адамдар.

Тегін вакцина тұрғылықты жері немесе тіркелген жері бойынша емханаларда жүргізіледі.

Жалпы, Алматыда коронавирус пандемиясына байланысты тегін вакциналауға арналған, вакцина дозасының саны 130 мыңнан 430 мыңға дейін артты.

Өзгелердің жаңалығы