Алматыда тұңғыш рет «ерекше» балаларға арналған спорт үйірмелері ашылды

17 Қазан 2020, 16:02
3473
Бөлісу:
Алматыда тұңғыш рет «ерекше» балаларға арналған спорт үйірмелері ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасының аясында мүмкіндігі шекетулі балаларға арналған бейімдік спорт үйірмелері ашылды.

Жобаның мақсаты — мүмкіндігі шектеулі балалардың жыл бойы спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасау және Қазақстанда бейімдік спорт түрлерін дамыту.

Алматы Арена кешенінде бейімдік жүзу мен «бочча» үйірмелері, «Сарбаз» әскери-патриоттық клубында балалар бейімдік каратэ үйірмесіне қатыса алады, ал «Бейімді футбол» — тірек-қозғалыс аппараты зақымдалған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 2 мектеп-интернаты қабырғасында өтіп жатыр.

Алматыда тұңғыш рет «ерекше» балаларға арналған спорт үйірмелері ашылды

Осы жылы бұл жобаға 70-тен аса даму ерекшелігі бар балалар қатысатын болады. Жобаның негізін қалаушылары — «Тең мүмкіндіктер әлемі» Қоғамдық қоры — спортшылар саны, үйірмелер саны көбейеді деп сенуде.
Алматыда тұңғыш рет «ерекше» балаларға арналған спорт үйірмелері ашылды
Өкінішке қарай, Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар саны артып келеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың дене шынықтыру мен спорт түрлеріне бірдей қатыса алулары – елдің даму деңгейінің көрсеткіші. Біздің жобамыздың алға қойға мақсаты, бала кезінен спортқа қатысу арқылы, „ерекше“ балалардың болашақта отбасын құрып, жұмысқа бейімделіп, қоғамымызға үлес қосуларына мүмкіндік беретін, бойларында жеке-дара тұлғалық қасиеті мен өз құндылығын арттыру, — дейді «Тең мүмкіндіктер әлемі» Қоғамдық қорының негізін қалаушы Нұргүл Ұлжекова.

Жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының көмегімен жүзеге асырылуда. «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жаттықтырушылардың санатын жоғарылату, олардың еңбек ақылары, үйірмелерді қажет спорт жабдықтарымен, оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп жатыр.

Алматыда тұңғыш рет «ерекше» балаларға арналған спорт үйірмелері ашылды

Дәл осындай үйірмелер Павлодар, Шымкент, Қараганды қалалары мен Қараганды облыстарында ашылды. Жобаға қатысушылар жан-жағынан, физикалық даму тұрғысында, ойлау қабілеті мен сезім жағынан жақсы нәтиже көрсетуде. Жарыстарға қатысып, қалалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болуда.
Менің есімі Зәуре, көп балалы анамын, 12 жастағы ерекше қызым бар, аты Іңкәр. Іңкәр егіздің сыңары, ол туғаннан осы дертке душар болды. Бұл балалардың қозғалу қабілеті шектеулі болғанымен, олардың жан дүниесі шексіз емес пе. Оларды қоғам ағымынан шет қалдырмай,ерекше балаларға арналған бейімдік спорт үйірмелері ашылып, спортпен шұғылдануына жағдай жасалғаны өте қажет іс шара деп ойлаймын. Осы үйірмелерге қатысу арқылы баланың өз өзіне деген сенімділігі артып, өмірге деген көзқарастары өзгереді, тіпті бала өзін бақытты сезінеді деп ойлаймын. Осы жобаның негізін қалаушысы Нұргүл ханымға, демеуші болған Самұрық Қазына қорына, ерекше балалары бар ата-аналардың атынан айтар алғысым шексіз, - дейді қала тұрғыны.
Алматыда тұңғыш рет «ерекше» балаларға арналған спорт үйірмелері ашылды

Бұл үйірмелердің ерекшелігі, жаттығулар топ бойынша өтеді және дамуында ақауы жоқ балалар да қатыса алатынында.

Алматылық «ерекше» балалардың жаттығулары жаттықтыру залдары мен бассейнге «бос уақыттарын» ақысыз ұсынған, «Тең мүмкіндіктер әлемі» Қоғамдық қорының әлеуметтік серіктестерінің қолдауымен өтіп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы