Алматыда шетел азаматын тонап, лото клубқа қарулы шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды
PHOTO
4 Қаңтар, 11:44 392

Алматыда шетел азаматын тонап, лото клубқа қарулы шабуыл жасаған қылмыстық топ ұсталды

Алматы, BAQ.KZ.  Ұсталған қылмыстық топтың  27-жастағы екі мүшесі бұрын сотталған Түркістан облысының тумалары болып шықты. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сот алды тергеу амалдары барысында белгілі болғандай күдікті азаматтар Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Индия елінің азаматын тонап, лото клубқа қарақшылық шабуыл жасаған. Екі жағдайда да олар травматикалық тапанша пайдаланған. Шетел азаматының ұялы телефонымен біраз сомадағы ақшасын тартып алса, лото клуб кассасынан 2 миллион теңге көлемінде қаржыны қолды еткен. Қарақшылық шабуыл кезінде аталған мекеменің күзетшісі жараланған,-деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Қуатбек Науатов.

Оның айтуынша, аталған ауыр қылмыстарды ашу үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылып, нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктілерді Нұр-Сұлтан қаласында қолға түсірген.

Кейінірек белгілі болғандай күдіктілер бұған дейін Алматы облысы, Қарасай ауданы аумағында орналасқан лото клубқа да шабуыл жасағандықтары анықталады. Қазіргі таңда, ұсталған екеудің өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда,-деп атап көрсетті Қуатбек Науатов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...