Алматыда полиция салынып жатқан құрылыстан құлап кетті

2 Наурыз 2021, 12:47
4926
Бөлісу:
Алматыда полиция салынып жатқан құрылыстан құлап кетті

Алматы, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде жаңадан салынып жатқан үйдің төбесінен полиция қызметкерінің құлап, қатты жарақат алғаны туралы видео тарады.  

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, ол құрылысы бітпеген үй төбесіне шыққан жасөспірімдерге ескерту жасамақ болып көтерілген. Алайда төбеге шығу кезінде бір қабаттан келесіне көтеріле бергенде құлап кеткен. 

Қазір полиция қызметкері ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. 

Куәгерлердің айтуынша, ол жасөпірімдерді ұстамақ болғанда құлап кеткен.

Өзгелердің жаңалығы