Алматыда пәтер тонаумен айналысып келген топ ұсталды

12 Қараша 2020, 10:25
2313
Бөлісу:
Алматыда пәтер тонаумен айналысып келген топ ұсталды

Алматы, BAQ.KZ.  Алматылық полицейлер кеше Бостандық ауданында арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар үш күдіктіні ұстағанын мәлімдеді.

Ұсталғандардың барлығы Алматы облысының тұрғындарыекені анықталған. Сондай-ақ екеуі бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотталған болып шықты. 

Күдіктілер осыдан бір күн бұрын Қабанбай батыр көшесінде орналасқан пәтерлердің біріне ұрлыққа түскеннен кейін ұсталды. Оңай ақшаға құныққан олар ақша мен құнды мүліктерді алып кеткен. Ұрланған заттар тәркіленді, қаскөйлер оларды сатып үлгермеген. Қазір олардың Алматы қаласының аумағында жасалған 11 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Сонымен қатар, біздің ақпаратымыз бойынша, оларды Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларындағы әріптестеріміз  аталған қалаларда бірнеше пәтер ұрлығын жасағаны үшін іздеуде, – деді деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Өзгелердің жаңалығы