Бас жаңалықтар
Алматыда өз баласын кепілге алған ер адам ұсталды
06 Қыркүйек 2021, 17:39 2115

Алматыда өз баласын кепілге алған ер адам ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Саясаткер Марат Шибутов аталған оқиға жайлы twitter-дегі парақшасында жазды.

Келесі подъезде тұратын көрші өз балаларын кепілдікке алды. Полиция онымен келіссөз жүргізіп жатыр, - деп жазды ол желіде.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл жағдай Алмалы ауданындағы үйлердің бірінде болғанын хабарлады.

«102» пультіне жергілікті тұрғын қоңырау шалып, күйеуі - 1984 жылы туған Р. есімді азамат қатты мас күйінде болғанын, отбасында жанжал шығарғанын, кесірінен әйел адам кенже баласын алып сыртқа шығып, полиция шақыртуға мәжбүр болғанын айтты. Мас адам ұсталды және полицияға жеткізілді, оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, шара қолданылатын болады. Әйел күйеуіне қатысты ресми арыз жазудан бас тартты. Бұл отбасы қолайсыз отбасы ретінде тіркелгенін ескертемін. Кепілге алынғандар туралы ақпарат расталмады, - деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...