Алматыда оқушы қызға пышақпен шабуылдаған ер адам ұсталды

22 Қараша 2019, 13:25
2932
Бөлісу:
Алматыда оқушы қызға пышақпен шабуылдаған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқушы қызға пышақпен шабуылдаған ер адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бостандық ауданы полиция басқармасының мәліметінше, оқушы қызға пышақпен шабуылдаған ер адамның кім екені анықталып, ұсталды.

Оқушы қыз өзіне шабуылдаған адамды таныды. Ол 1969 жылы туған ер адам, КСК-да аула сыпырушы болып жұмыс істейді. Сол жерде, яғни Орбита шағын ауданында жертөледе тұрады. Оның сөзінше, сол күні таңертең ол мас күйінде дүкенге бара жатқан. Жол-жөнекей қызды көрген. Оны қорқытқысы келмеген. Тек қалтасынан телефонын алмақ болған, оқушы болса оны пышақ екен деп ойлап қалған дейді. Ер адамның айтқаны процессуалдық тәртіпте тексерілетін болады. Дәлелдеу базасы жиналып, кейін процессуалдық шешім қабылданатын болады, - деді Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.

Осы істі тексеру үшін полицияда арнайы жедел-тергеу тобы құрылған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда оқушы қызға ер адам пышақ ала жүгіргендігі туралы хабарлаған болатынбыз.



Өзгелердің жаңалығы